User manual
Қауіпсіздік термоэлементі
Қауіпсіздік термоэлементі жұмыс істеп
тұрған термоэлементті ажыратуға
арналған.
Шектен тыс қызып кету салдарынан
тұмшапештің термоэлементіне зақым
келмеу үшін, тұмшапеш тоқты үзетін
қауіпсіздік термоэлементімен
жабдықталған. Температура төмендеген
кезде тұмшапеш қайта автомтты түрде іске
қосылады.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
термоэлементі тұмшапештің
термоэлементі дұрыс жұмыс істемесе ғана
іске қосылады. Бұндай жағдай орын алған
кезде тұмшапештің температурасы өте
жоғары болады жəне барлық тағамды
күйгізіп жібереді. Термоэлементті
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына дереу хабарласу керек.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолдану
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Дəстүрлі пісіру
Тұмшапештің үстіңгі жəне астыңғы жақтарынан бір уақытта
қыздырады. Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін.
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді. Торттардың астыңғы
жағын күртілдек немесе қытырлақ етіп пісіру үшін.
Үстіңгі қыздырғыш
элемент
Қызу тек тұмшапештің үстіңгі жағынан келеді. Тағам пісіруді аяқтау
үшін қолданылады.
Гриль
Жайпақ тағамның шағын мөлшерін сөренің ортасында қуыруға
арналған. Тост жасауға арналған.
Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы
жағына, алдыңғы жəне артқы қабырғаның
ортасына қойыңыз. Бұл қызу пісірме
табақтың алдыңғы жəне артқы жағында
айналуына мүмкіндік береді. Табақты
суретте көрсетілгендей, қисық жағын артқа
қаратып салыңыз.
10
www.zanussi.com