User manual

Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғы ысып кетеді.
Қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде
абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы
таймерді немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесін қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі
мүмкін.
Пісіру алаңын пайдаланып болғаннан
кейін "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан
бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Өртті сумен сөндіруге əрекеттенбеңіз.
Құрылғыны ажыратып
, жалынды
қақпақпен немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
Алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
керек
-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына əсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап
кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
5
www.zanussi.com