User manual
Керек-жарақтары
• Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
• Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Жалпақ алюминий таба
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Сақтау бөлігі
Тұмшапештің төменгі жағында сақтау
бөлігі орналастырылған.
Бөлікті қолдану үшін астыңғы жақтағы
алдыңғы есікті көтеріп, одан кейін оны
төмен басыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда сақтау бөлігі
ысып кетуі мүмкін.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
мен максимум температураны
орнатыңыз да, пештің ішінде қалған
қалдықты күйдіріп жою үшін, ішіне еш
нəрсе салмай 45 минут қыздырыңыз.
Пештің керек-жарақтары оны қалыпты
жағдайда пайдаланған кездегіден де
қызып кетуі мүмкін. Осы кезде жағымсыз
иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлмені жақсы желдетіңіз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық
отты пайдаланған кезде өте абай
болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбау
салдарына өндіруші ешбір жауапты емес.
Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Қажетті оттықтың тетігін шегіне дейін
басып, ең жоғары мəнге
қойыңыз.
Тетікті басқан кезде тұтату генераторы
өздігінен қосылады.
2. Тетікті шамамен 10 секунд басып
ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент
жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.
3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның
жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, оның шілтері мен
қақпағының дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
8
www.zanussi.com