User manual

Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін тұмшапеш функциясына
бұраңыз.
2. Температураны басқару түймешігін
температураға бұраңыз.
Температура индикаторы жанады да,
құрылғының ішіндегі температура
артады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз да,
температура басқару тетігін Off
қалпына қойыңыз.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Тұмшапеш функциялары
Пеш функциялары Қолданыс аясы
Off (сөндірулі) қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Дəстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін.
Үстіңгі жəне астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта
жұмыс істейді.
Бүтін қақтама
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде
гриль дайындауға арналған. Тост жасауға арналған.
Бүтін қақтама элементі жұмыс істейді. Бұл
функцияға арналған ең үлкен температура: 210 °C.
Астыңғы қыздырғыш элемент
Торттардың астыңғы жағын күртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіру үшін. Астыңғы қыздыру элементі
ғана жұмыс істейді.
Желдеткіш арқылы пісіру
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада
пісірілетін тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей
қуыруға немесе пісіруге арналған.
Пицца, үнемді
Пицца, киш немесе бəліш пісіруге арналған. Гриль
жəне астыңғы қыздырғыш элемент қызуды тура
бағыттап жібереді жəне желдеткіш ыстық ауаны
пиццаның толтырмасын немесе бəліштің
толтырмасын пісіру үшін айналдырып тұрады. Бұл
функцияға арналған ең үлкен температура: 210 °C.
10
www.zanussi.com