User manual

Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Əуелі минут операторының басқару тетігін
("Өнім сипаттамасы" тарауын қараңыз)
сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз.
Содан кейін кері бұрап, қажетті мəнге
қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбысты
сигнал қосылады.
Бұл функция пеш қызметіне əсері
етпейді..
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту! Өте
сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жемістің шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі
деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді
1-ші жəне 3-ші деңгейге қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе
есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер
етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіру үшін ең тамаша температура
150°C мен 200°C градус аралығында.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте
кебір болып піседі.
Қызыл еттің сыртын əбден пісіріп, ішін
былбыратып пісіру үшін температураны
200°C-250°C градус аралығына
қойыңыз.
Ақ етті, құстың еті мен балықты пісіру
үшін температураны 150°C-175°C градус
аралығына қойыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде, пеште
кетпейтін дақ
қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін, су кеуіп кеткен сайын
қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді (қызу
параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
11
www.zanussi.com