User manual

3
B және C сүзгісін
алу үшін тұтқаны
сағат бағытына
қарсы шамамен
1/4 мөлшерде
бұраңыз.
4
A тегіс сүзгісін
құрылғы түбінен
шығарыңыз.
5
A тегіс сүзгісін
құрылғы түбіне
салыңыз. Тегіс
сүзгіні екі
бағыттағыштың D
астына дұрыс
орнатыңыз.
6
Сүзгі жүйесін
орнына қойыңыз.
Сүзгі жүйесін бекіту
үшін ұстағышты өз
орнына түскенше
сағат бағытымен
бұраңыз.
Өте маңызды! Бүріккіш түтіктерді
алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, оны жіңішке шырпымен тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш
заттарды қолданыңыз. Түрпілі не қатты
тазалағыш заттарды, еріткіштерді
(ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.)
пайдаланбаңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен түсетін жерге
орнатпаңыз. Өндіруші құрылғыға мұздап
қалудан келген зиян үшін жауапты емес.
Басқа мүмкіндік болмаса, құрылғыны
босатыңыз да, есігін жабыңыз. Су құятын
түтікшені ағытып, су құятын түтікшедегі
суды төгіңіз.
Не істерсіңіз, егер...
Құрылғы жұмыс істей бастамайды не
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Құрылғыда ақау бар болса, оны алдымен
өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
Мәселенің шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықты төменде көрсетілген
ұсыныстар бойынша түзетуді бастамай
тұрып, құрылғыны өшіріңіз.
30