User manual
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын
тазарғанша
ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады жəне
қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты
төменде аталған жерлерде қолдануға
арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің жəне басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа
да тұрғынды жерлерде
– Төсек жəне таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу, электр немесе өрт қаупі
бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе
көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке
салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда
жуғыш зат болуы мүмкін
.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
15
www.zanussi.com