User manual

Функциялар
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
жұмыс істейді:
Бағдарлама аяқталғанда.
Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық
тəсілмен бапталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметр:
қосулы. Дыбыстық сигналдарды
ажыратуға болады.
Дыбыстық сигналдарды қалай
сөндіруге болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖƏНЕ
БАСТАУ" тарауын
қараңыз.
2. (B) жəне (C) функция түймешіктерін (A),
(B) жəне (C) функция түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтай
бастағанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
3. (C) функция түймешігін басыңыз,
•(A) жəне (B) функция түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
•(C) функция түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
•"Соңы" индикаторы жанады.
4. (C) функция түймешігін басыңыз.
Аяқтау индикаторы сөнеді де,
дыбыстық сигналдар өшеді.
5. Параметрді растау үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
Дыбыстық сигналдарды қалай қосуға
болады
1. "Дыбыстық сигналдарды қалай
сөндіруге болады" тарауын, (1) - (3)
қадамдарын қараңыз.
2. (C) функция түймешігін басыңыз,
•(A) жəне (B) функция түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
•(C
) функция түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
Аяқтау индикаторы сөндірулі.
3. (C) функция түймешігін басыңыз.
Аяқтау индикаторы жанып, дыбыстық
сигналдар қосылады.
4. Параметрді растау үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
Бірінші қолданғанға дейін
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай
келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың
кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз жəне себеттерді
толтырмаңыз.
18
www.zanussi.com