User manual
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Орнатқыңыз келген сағат мəнінің
индикаторы көрсетілгенше кешіктіру
түймешігін қайта-қайта басыңыз. 3, 6
немесе 9 сағатты қоюға болады.
• Кешіктіріп бастау индикаторы
жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады. Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау
(B) жəне (C) функция түймешіктерін
кешіктіріп бастау индикаторы сөніп,
барлық бағдарлама индикаторлары
жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде құрылғы
параметрлерді орнату режиміне ауысады.
Бағдарламаны қайта орнату керек.
Бағдарламаны біржола тоқтату
(B) жəне (C) функция түймешіктерін
барлық бағдарлама индикаторлары
жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде, үзік-үзік
дыбыстық сигнал естіледі де, аяқтау
индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз
.
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз.
Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдысты
алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен
есігіне су тұруы мүмкін. Тот
баспайтын болат, ыдыс-аяққа
қарағанда тез салқындайды.
Ақыл-кеңес
Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі жəне жуу нəтижесіне жаман
əсер етуі мүмкін минералдар өте көп
мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл
минералдарды бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта
ұстайды. Су жұмсартқыштың дұрыс
деңгейін орнатқан маңызды. Бұл су
жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы
мен суды дұрыс мөлшерде қолдануын
қамтамасыз
етеді.
Тұз, шайғыш зат жəне жуғыш затты
пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған
тұзды, шайғыш жəне жуғыш затты
пайдаланыңыз. Басқа өнімдер
құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
• Аралас жуғыш таблеткалардың
құрамында жуғыш зат, шайғыш зат жəне
басқа қоспалар бар. Бұл заттардың
тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
22
www.zanussi.com