User manual
бағдарламасын қайтадан
орнатуыңыз қажет.
Сақтандыру туралы ескерту!
Орындалып тұрған жуу
бағдарламасын ТЕК аса қажетті
жағдайда ғана тоқтатыңыз не
болдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Есік ашылған
кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін.
Есікті абайлап ашыңыз.
Орындалып тұрған жуу
бағдарламасын тоқтату:
• Машинаның есігін ашыңыз;
бағдарлама тоқтайды. Есікті
жабыңыз; бағдарлама тоқтаған
жерінен әрі қарай жалғаса түседі.
Орындалып тұрған жуу
бағдарламасын біржола тоқтату
• Машинаның есігін ашыңыз; B
және C функция түймешіктерін
барлық бағдарлама шамдары
жанғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз. Жуу бағдарламасы
біржола тоқтатылған. .
• Егер жаңа жуу бағдарламасын
таңдау қажет болса, жуғыш зат
сауытында жуғыш заттың бар-
жоғын тексеріңіз.
"Кідіртіп бастау" функциясын
болдырмау
• Орындалып тұрған "кідіртіп
бастау" функциясын тоқтату үшін
есікті ашыңыз да "кідіртіп бастау"
түймешігін бассаңыз тиісті шам
өшеді.
• есікті жабыңыз, орнатылған жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасының соңы
• Машина автоматты түрде
тоқтайды және естілерлік сигнал
жуу бағдарламасының
аяқталғандығынан хабардар
етеді.
• Ыдыс жуғыш машинаның есігін
ашыңыз.
• Бағдарлама соңы анықтағыш
шамы жанады.
• Жаңа ғана аяқталған
бағдарламаның анықтағыш шамы
жанған күйінде тұра береді.
• Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басып, машинаны ажыратыңыз.
Өте маңызды!
Жуу бағдарламасы аяқталған соң
ыдыс жуғыш машинаны электр
желісінен ажыратып, су құбырының
шүмегін жауып қоюға қенес береміз.
10