User manual

Сүзгіштерді орнына
салып тұтқышты
сағат бағытында
бұрап, нықтап
жабыңыз.
Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып
тастауға әрекет жасамаңыз.
Егер кір қалдықтары су
бүріккіштерінің тесіктерін бітеп
қалса, оларды жіңішке шырпымен
тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Егер қажет болса,
нейтрал жуғыш затты
пайдаланыңыз. Сырты тегіс емес
сызаттандыратын заттарды, түрпілі
тазалағыштарды немесе
еріткіштерді (ацетон,
трихлорэтилен, т.с.с.)
пайдаланбаңыз.
Ішін тазалау
Есік айналасындағы
тығыздағыштарды, жуғыш және
шайғыш зат сауыттарын мезгіл-
мезгіл дымқыл матамен тазалап
тұрыңыз.
Әр 3 ай сайын жуғыш затты
пайдаланып, аса кірлеген ыдыс-
аяқтарды жууға арналған
бағдарламаны ешбір ыдыс-аяқсыз
орындап тұруды ұсынамыз.
Ұзақ уақыт бойы
пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, сізге берер
кеңесіміз:
1. Машинаны электр желісінен
ажыратып, содан кейін суды
өшіріп тастаңыз.
2. Жағымсыз иіс пайда болмас
үшін, есікті ашыңқырап қойыңыз.
3. Машинаның ішін тазалап
қойыңыз.
23