User manual
шыныаяқ торлары: орны A Астыңғы себет
Орнату
Назарыңызда болсын!
Осы машинаны орнату үшін керек
болған электр және құбыр орнату
жұмыстарын тек қана білікті
электрик, сантехник немесе білікті
маман атқару керек.
ЖиҺаздың астына
орналастыру
Өте маңызды!
Ыдыс жуғыш машинаны жиһаздың
ішіне орнатып, жиһаз панелін
орналастыру туралы қосымша
үлгіде берілген нұсқауларды мұқият
сақтаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғышты жантаюдан
сақтаңыз.
Сондықтан да, ыдыс жуғыш машина
жиһазының іргелес жатқан
жиһаздарға(көршілес ас үй
бөлімдері, қабырға немесе шкаф)
берік жанастырыла бекітілгенін
тексеріңіз.
Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй
жиһазының ішіне, не үстелдің
астында орналастыруға лайықтап
жасалған.
Суды беру, суды канализацияға
жіберу және электр желісіне қосу
сияқты негізгі жүйелерді жиһаз
қабырғасынан сыртқа өткізетін
тесіктерден басқа ешбір тесікті ойып
орнатудың қажеті жоқ.
Жуғыштың биіктігін орнату үшін
аяқтарын пайдаланыңыз.
Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас
бөлшектеріне қатысты жұмыстар
жүргізілгенде, оны электр желісінен
ажыратыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін,
жөндеу қажет болған жағдайда
жөндеу қызметкері оған оңайлықпен
қол жеткізетіндей болуын тексеріңіз.
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу
үшін оны дұрыс тіктеп орнатудың
маңызы зор.
30