User manual

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін және
машинаны дұрыстап қолдану үшін
оны орнатудан алдын осы қолдану
туралы нұсқауларын, оның ішіндегі
кеңестер менен қауіпсіздік туралы
нұсқауларын ықыласпен оқып
алыңыз. Қателер мен опаттарды
болдырмау үшін осы машинаны
пайдаланатын барлық адамдар
оның қолдану тәсілдері мен
қауіпсіздік сипаттарын жақсы білуі
керек. Осы нұсқауларды сақтаңыз
және машинаны басқа адамдарға
бергеніңізде немесе сатқаныңызда
яғни олар машинаны пайдалану
және қауіпсіздік туралы хабардар
болуы үшін нұсқауларды
машинамен бірге қосып бергеніңізге
көз жеткізіңіз.
Машинаны дұрыстап
пайдалану
Бұл ыдыс-аяқ жуғыш машинасы
тек қана машинамен жууға
жарамды болған ыдыс-аяқты жуу
үшін жаратылған.
Ыдыс-аяқ жуғыш машинасына
ешқандай еріткіш салмаңыз. Ол
машинаның жарылып кетуіне
алып келуі мүмкін.
Пышақтар және басқа үшкір
заттар ас құралдары
қорапшасына өткір жерлерін
төменге қаратып немесе жоғары
қорапшаға горизонтальды
жағдайда салынуы тиіс.
Ыдыс-аяқ жуу машиналар үшін
жарамды болған өнімдерді (жуу
заттар, тұз және шайғыш зат) ғана
қолданыңыз.
Осы машина жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашпаңыз, ыстық бу
шығып кетуі мүмкін.
Ыдыс жуу циклы бітпегенге дейін
ыдыс-аяқ жуу машинасынан
ыдыс-аяқтарды шығаруға
болмайды.
Машинаны пайдаланған соң оны
электр қорегіден ажыратып
тастаңыз және оған су беруді
тоқтатыңыз.
Бұл өнім тек қана осы өнімді
орнату немесе жөндеу үшін
рұқсаты бар мамандар тарапынан
жөнделуі керек, және тек қана осы
фирма шығарған бөлшектерден
ғана пайдалануы мүмкін.
Машинаны ешқашан өзіңіз
жөндемеңіз. Машинаны
тәжірибесіз адам жөндейтін болса
бұл машинаға зиян келтіруі мүмкін
немесе күрделі бұзылуына алып
келуі мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығымен
хабарласыңыз. Әрқашан
фирмалық бөлшектерден
пайдалануын талап етіңіз.
4