User manual
Жалпы қауіпсіздік
мағлұматтар
• Жуу заттар көздерде, ауызда
және тамақта химиялық күйіктер
пайда болуына әкеліп соғуы
мүмкін. Бұл өміріңіз үшін қауіп
келтіру мүмкін! Ыдыс-аяқ жуу
машиналары үшін жуу заттар
өндіретін фирмасының қауіпсіздік
туралы нұсқауларын орындаңыз.
•Ыдыс-аяқ жуу машинадағы су
ішуге жарамсыз. Машинаңыздың
ішінде жуу заттардың қалдықтары
әлі де бар болуы мүмкін.
• Ыдыс-аяқ жуу машинаны
пайдаланбаған кезде оның есігі
әрдайым жабық болу керек.
Осылай істесеңіз ашық тұрған есік
үстінен ешкім құлап қалып
жарақаттанбайды.
• Ашылып тұрған есік үстіне
отыруға немесе шығып тұруға
болмайды.
Балалар қауіпсіздігі
• Бұл машина тек ересек адамдар
тарапынан пайдалану үшін
жаратылған. Балаларға ыдыс-аяқ
жуғыш машинасын бақылаусыз
пайдалануға рұқсат бермеңіз.
• Машинаның орама-
қорапшаларын балалардан алыс
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету
қауіпі бар.
• Барлық жуу заттарды балалар
жете алмайтын жерде сақтаңыз.
• Есігі ашық болып тұрғанда
балаларды ыдыс-аяқ жуғыш
машинаға жолатпаңыз.
Орнату
• Ыдыс-аяқ жуғыш машинаңызды
тексеріп көлікпен тасу барысында
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Бұзылған машинаны ешқашан
электр қорегіне қоспаңыз. Ыдыс-
аяқ жуғыш машинаңыз
зақымдалған болса оны сатқан
сатушымен хабарласыңыз.
• Қолданудан алдын машинаның
барлық орама-қорапшаларын
алып тастауңыз қажет.
• Осы машинаны орнату үшін керек
болған электр және құбыр орнату
жұмыстарын тек қана білікті
маман атқару керек.
• Қауіпсіздік себептерінен осы
машинаның техникалық
талаптарын немесе өнімді
өзгертуге болмайды.
• Электр кабелі бұзылған немесе
суға қосу шлангтары жарамсыз
болған жағдайда; немесе басқару
панелі, үстідегі тақтасы немесе
плинтусы бұзылып қалып яғни
машинаның іші көрініп қалған
болса ыдыс-аяқ жуғыш машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп
болдырмау үшін жергілікті қызмет
көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
5