User manual
Естілерлік сигналдар
Аудио сигналдар ыдыс жуғыштың
қай операцияны орындап тұрғанын
анықтауға көмектесу үшін
енгізілген:
• су жұмсартқышты баптағанда,
• бағдарламаның соңы,
• бұйым дұрыс жұмыс істемеген
кезде, ескерту сигналының іске
қосылуы.
Өте маңызды!
Бұйымның зауытта орнатылған
параметрлері: естілетін сигналдар
белсенді күйге көшірілген.
Естілетін сигналдарды өшіру/
белсенді күйге көшіру
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде
тұруға тиіс.
2. B және C функция
түймешіктерін, A , B және C
функция түймешіктерінің шамы
жыпылықтай бастағанға дейін
қатар басып ұстап тұрыңыз.
3. C функция түймешігін бассаңыз,
A және B функция
түймешіктерінің шамдары өшеді,
ал C функция түймешігінің
шамы жыпылықтап тұрады. Осы
сәтте бағдарламаның соңы
шамы да жанып, естілерлік
сигналдардың белсенді
екендігінен хабар береді.
4. Естілерлік сигналдарды
ажыратып қою үшін C функция
түймешігін қайта басыңыз,
бағдарламаның соңы
анықтағыш шамы сөніп
естілерлік сигналдардың енді
ажыратылғандығынан хабар
береді.
5. Осы амалды машинаның
жадында сақтау үшін, қосу/өшіру
(On/Off)түймешігін басып, ыдыс
жуғышты өшіріңіз.
Естілерлік сигналдарды қайтадан
белсенді күйге көшіру үшін
жоғарыда сипатталған әрекеттерді
бағдарламаның соңы шамы
жанғанға дейін орындап шығыңыз.
8