User manual
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды
қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін
, ыдыс
анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен сөндіріңіз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы ең аз
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе
терезе ашылған кезде ыстық ыдыс
құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны
тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
3
www.zanussi.com