User manual

температурада пісіруді жəне тым қатты
қуырмауды ұсынамыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны əр пайдаланып болған сайын
тазалап отырыңыз.
Əрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Назарыңызда болсын! Жөндеу
немесе тазалау жұмыстарын
орындауға кіріспей тұрып, пештің үстін
тоқтан ажырату керек.
Пештің үсті жылы тұрған кезде оңай
тазаланады, себебі төгілген тағам
қалдықтарын қатпай тұрып тазаласа, оңай
тазаланады.
Назарыңызда болсын! Өткір заттар
мен түрпілі тазартқыштар
құрылғыны
бүлдіреді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін
құрылғыны бу құрылғысымен не жоғары
қысыммен тазалайтын құрылғылармен
тазаламаңыз.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз:балқыған
пластик, пластик фольга, қант
қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір бұрыш
жасап қойып, жылжыту арқылы
тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде
суығаннан кейін келесіні
алыңыз:əк жолақтары, су дақтары,
май дақтары жəне металл дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Соңында, құрылғыны таза
шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Ақаулықты түзету
Ақаулық Ықтимал себептері жəне шешімі
Құрылғы жұмыс істемей тұр. Үйдің электр желісіндегі сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғышты тексеріңіз. Сақтандырғыштар бірінен кейін
бірі жанып кете берсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Пісіру алаңы қызбай тұр. Құрылғының тоққа жалғанғанын жəне электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.
Дұрыс басқару тетігінің бұралғанына көз жеткізіңіз.
Үйдің электр желісіндегі сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғышты тексеріңіз. Сақтандырғыштар бірінен кейін
бірі жанып кете берсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
7
www.zanussi.com