User manual

төмен температурада өрттің пайда
болуына алып келуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр
қоймаңыз.
Сірке суы, лимон шырыны немесе əк
дағын кетіретін құралдар тəрізді
құрамында қышқылы бар заттарды
пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл заттар
ақтаңдақ із қалады.
Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Шыны
плита (егер болса) қатты қызып,
жарылып кету қаупі бар.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына жəне пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті əкімшілік мекемеге
хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
5
www.zanussi.com