User manual
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен
жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт интервалы
сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-
қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші
асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай
іске асыру керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
• Электр сымын төсеген кезде, температурасы бөлме
температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға
тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып)
орнатыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
KZ
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
www.zanussi.com 3