User manual
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған
кезде қызу және ылғал бөлінеді.
Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет болуы,
мысалы, терезені ашу немесе барынша
тиімді желдету тәсілін пайдалану қажет
болуы мүмкін, егер механикалық
тартқыш бар болса, оның қарқынын
арттыруға болады.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
• Сірке суы, лимон шырыны немесе әк
дағын кетіретін құралдар тәрізді қышқыл
заттарды пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл
заттар ақтаңдақ із қалады.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
Күту менен тазалау
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
6 www.zanussi.com