User manual
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін
таба тағандарын орнына қойған
кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Қоқысты тазалау:
1. – Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, полимер үлдір, қант
қосылған тағам.
– Мыналарды тазалауға кіріспес
бұрын пешті электр желісінен
ағытып, суытыңыз: əк дақтары, су
дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің
сыртқы қабатына жарамды арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
2. Аспапты дымқыл шүберекпен,
шамалы сабын қосып тазалаңыз.
3. Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
таза шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Тот баспайтын болат қатты қызғанда
көмескі тартуы мүмкін. Осыған
байланысты пеш тасында, қыш ыдыста
немесе шойын табақтарда тамақ пісіруге
болмайды.
Тұтандырғыш оттықты тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады.
Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза күйінде ұстаңыз жəне
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
Мерзімдік техникалық қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің жəне, егер
орнатылған болса, қысым өтпелігінің күйін
тексеру үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығына аракідік хабарласыңыз.
Ақаулықты түзету
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
• Электр қуаты жоқ • Құрылғының жалғанғанын
жəне электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.
• Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып қалса, білікті
электрші маманға
хабарласыңыз.
• Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған
• Оттықтың қақпағы мен
шілтерінің дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз.
Тұтатқан бетте жалын дереу
сөніп қалады
• Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды
• От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 10 секунд басып
ұстап біркелкі тұрыңыз.
10
www.zanussi.com