User manual
4. Осы əрекеттерді кері тəртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай келетін
тақтайшаға ауыстырыңыз. Бұл
тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.
Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең
төменгі деңгейін баптау
үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз.
A
A) Орағытпа бұранда
• Табиғи G20 13 мбар немесе G20 20
мбар газды сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шегіне дейін қатайтыңыз.
• Егер сұйылтылған газды G20 13 мбар
табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен айналымның 1/2
дейін (үш шілтерлі оттықта 1 айналым)
босатыңыз.
• Егер сұйылтылған газды G20 20 мбар
табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен айналымның 1/4
мөлшеріне (үш шілтерлі оттықта 1/2
мөлшеріне) босатыңыз.
• Егер G20 13 мбар табиғи
газды, G20 20
мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/4 мөлшеріне (үш
шілтерлі оттықта 1/2 мөлшеріне) дейін
мықтап қатайтыңыз.
• Егер G20 20 мбар табиғи газды G20 13
мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/4 мөлшеріне (үш
шілтерлі оттықта 1/2 мөлшеріне)
босатыңыз.
Назарыңызда болсын! Тетікті ең
үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін
жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы
кернеу мен электрмен
жабдықтау түрінің жергілікті кернеу мен
қуатпен жабдықтау мəндеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен
жабдықталған. Оны техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жүктемені көтере
алатын дұрыс ашамен жабдықтау
керек. Ашаның сай келетін розеткаға
қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сыммен,
адаптермен немесе көп тармақты
қосылым арқылы қосқан кезде өрт шығу
қаупі бар. Жерге тұйықтау стандарттар
мен ережелерге сай іске асырылғанына
көз жеткізіңіз.
• Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N" таңбасы
салынған ағытпаға жалғанғанына көз
жеткізіңіз. Қоңыр (немесе қара) фаза
сымын
"L" таңбасы бар ағытпаға
13
www.zanussi.com