User manual
• Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды
қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен
жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уəкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
• Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт интервалы
сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-
қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші
асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске
асыру керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
• Электр сымын төсеген кезде, температурасы бөлме
температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға
тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып)
орнатыңыз.
3
www.zanussi.com