User manual
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге
ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз
.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол
жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын
оқшаулағыш панель орнатуды
ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз
• Құрылғының дұрыс
орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған жəне дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
• Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Сымға деформацияға қарсы
қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
•
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
4
www.zanussi.com