User manual

Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын
білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен газдың
қысымы) жəне құрылғының
параметрлері сəйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық
орнату
ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету
талаптарының дұрыс орындалуына көз
жеткізіңіз.
Пайдалану
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, күйіп қалу немесе электр
тоғының қатеріне ұшырау қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында барлық
орам материалын, жапсырмасын жəне
қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс
қалдырмаңыз.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны қолданып болғаннан кейін
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда,
төмен температурада өрттің пайда
болуына алып келуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Сірке суы, лимон шырыны немесе əк
дағын кетіретін құралдар тəрізді
қышқыл заттарды пештің үстіне
тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із
қалады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Бұл құрылғыны басқа
мақсатта, мысалы, бөлмені қыздыру
үшін пайдаланбаңыз.
Газбен
пісіретін құрылғыны
пайдаланған кезде қызу жəне ылғал
5
www.zanussi.com