User manual

бөлінеді. Құрылғы орнатылған бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет болуы,
мысалы, терезені ашу немесе барынша
тиімді желдету тəсілін пайдалану қажет
болуы, егер механикалық тартқыш бар
болса, оның қарқынын арттыруға
болады.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Шыны
плита (егер болса) қатты қызып,
жарылып кету қаупі бар.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына жəне пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілгн керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны
дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті əкімшілік мекемеге
хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
Қызмет көрсету
Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
6
www.zanussi.com