User manual

АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы қырының
үстінде емес екеніне көз
жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөлді барынша орнықты етіп
қою және газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына қойыңыз.
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Ыдыстың диаметрі
Оттықтың диаметрлеріне сай
келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі (мм)
Үш шілтерлі 180 - 260
Жартылай жылдам
(алдыңғы)
120 - 220
Жартылай жылдам
(артқы)
120 - 180
Қосымша 80 - 160
Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан
таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар немесе
қошқыл дақтар оның жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
Тот баспайтын болат
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Күйген тағамды, майды және қатып
қалған дақтарды тазалау алдында
жұмсақ жуғыш зат құйып, бірнеше минут
шамалы жібітіңіз.
Болат беттерді қорғау үшін тот
баспайтын болатқа арналған жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
Хлорид тәрізді тот бастыратын
химиялық заттар қосылған жуғыш
құралдарды пайдаланбаңыз,
зарарсыздандыру, дақ немесе тот
кетіргіш немесе батыратын
сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс жуғыш
машинада жууға төзімді емес.
Оларды қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін таба
тағандарын алыңыз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас
үшін таба тағандарын
орнына қойған кезде абай
болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан кейде
жолақ қалуы мүмкін, сондықтан, ыдыс
тірегін қолмен жуып, кептірген кезде
байқаңыз. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап болғаннан
кейін орындарына дұрыс салынғанына
көз жеткізіңіз.
4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасына дәл келіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
www.zanussi.com 9