User manual

Ұзақтық жəне Аяқтау
функцияларында құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
4. Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
5. Тұмшапеш функциясының тетігін жəне
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Қажетті функция индикаторы
жыпылықтағанша Таңдау түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
2. - түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Сырғытпа жолдар
Өте маңызды! Сырғытпа жолдарды
орнату бойынша нұсқауларды кейін қарап
жүру үшін сақтап қойыңыз.
Сөре сырғытпаларын қолданғанда,
сөрелерді барынша оңай салуға жəне
алуға болады.
°C
1
Оң жəне сол
жақтағы сөре
сырғытпаларын
тартып шығарыңыз.
°C
2
Сымтемір торды
сөре
сырғытпаларына
салыңыз да,
құрылғыға қарай
абайлап итеріңіз.
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш есігін
жаппай тұрып, құрылғыға əбден итеріп
кіргізгеніңізге көз жеткізіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Сөре
сырғытпаларын ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Сөре сырғытпаларын
майламаңыз.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының ішіндегі температура
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
8
www.zanussi.com