User manual
Ақаулықты түзету
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыны қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Құрылғы электр тоғына
қосылған жоқ немесе теріс
қосылған.
Құрылғының электр тоғына
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз (қосылым сызбасын
қараңыз).
Үйдің электр желісіне қатысты
мəселе орын алды.
Үйдің электр желісіндегі
сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш қайта босап
кетсе, білікті электршіге
хабарласыңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбайды.
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі ол аз уақыт ғана
қосылып тұрған.
Егер пісіру алаңы қызатындай
ұзақ жұмыс істесе, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жоғарыда көрсетілген əрекеттерді
орындасаңыз да, ақаулықты түзете
алмасаңыз, өз дилеріңізге немесе
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Оларға
техникалық ақпарат тақтайшасындағы
мəліметтерді, үш сан-қаріптен тұратын
пештің керамика бетінің кодын (пісіру
алаңының бұрышында орналасқан) жəне
ақаулық кодын беріңіз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда қызмет көрсету орталығы не
дилер жіберген маманның көрсеткен
қызметі үшін, құрылғының кепілдік мерзімі
аяқталмаса да төлемақы алынады. Қызмет
көрсету орталығы көрсететін қызметтерге
қатысты нұсқаулар мен құрылғыға
берілетін кепілдіктің шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Орнатардың алдында, техникалық
ақпарат тақтайшасынан сериялық
нөмірін (Ser. Nr.) жазып
алыңыз.Құрылғының техникалық
ақпарат тақтайшасы оның астыңғы
корпусында орналасқан.
ZVM 64X
949 592 733 03
58PEE11AO
ZANUSSI
220-240 V 50-60-Hz
6,0 kW
Кіріктірілген құрылғылар
• Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты
дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
Қосылым сымы
• Бір фазаға не екі фазаға арналған
H05BB-F Tмакс. 90°C (немесе жоғары)
түріндегі дұрыс қорек сымын
қолданыңыз.
• Бүлінген қорек сымын арнайы сымға
(H05BB-F Tмакс. 90°C немесе жоғары)
ауыстырыңыз. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8
www.zanussi.com