User manual

Қан:жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні бойы
жібітіңіз де, содан кейін сабынды суға
салып ысқылаңыз.
Майлы бояудан қалған дақ: дақ кетіргіш
бензинмен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты бірнеше рет
сіңіріп алыңыз.
Кеуіп қалған май дақтары: скипидармен
жібітіңіз де, киімді жұмсақ за
ттың үстіне
қойып, мақтадан жасалған матаны даққа
қойып, оны саусағыңыздың ұшымен басып
сіңіріп алыңыз.
Тот: ыстық суға ерітілген шавель қышқылы
не суықтай пайдаланылатын тот кетіргіш
зат. Көнерген тот дақтарын тазалағанда
абай болыңыз, себебі талшық
құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары: ағартқышпен сүртіңіз де,
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ға
на).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап,
ағартқышпен сүртіңіз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шарикті қаламсап не желім дағы:
ацетонмен жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз.
Далап: жоғарғыдағыдай ацетонмен
жібітіңіз де, содан кейін этил спиртімен
сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон қышқылымен
сүртіңіз, содан соң шайыңыз. Кез келген
қалып қойған дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонм
ен
1)
, содан кейін сірке
қышқылымен жібітіп алыңыз; ақ матада
қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, соңынан мұқият
шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргішпен, этил спиртімен не бензинмен
сүртіңіз, содан кейін жуғыш қоймалжыңмен
ысқылаңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
Кірдің жақсы жуылуы сондай-ақ қандай
тазартқыш заттың таңдалғанына жəне оны
ысырап етпей, қоршаған ортаны қорғау
үшін дұрыс мөлшерде пайдаланылуына да
байланысты.
Тіпті биологиялық түрде ыдырайтын
тазартқыш заттардың құрамында да
қоршаған ортаның теңгерімін бұзуы мүмкін
заттар болады.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне (нəзік
мата, жүн тоқыма, мақта мата т.б.), түсіне,
жуу темпера
турасына жəне кірлеу
дəрежесіне байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы құрылғыда қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нəзік мата (ең көбі 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен температурада
жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60
°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуғыш затты жəне үстемелерді жуу
бағдарламасын бастамай тұрып,
үлестіргіштің тиісті бөліктеріне салу керек.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда, алдын
ала жуу функциясы жоқ бағдарламаны
таңдау қажет.
Құрылғыңыз жуғыш зат концентратын
барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік
беретін рециркуляция жүйесімен
жабдықталған.
Жуғыш затты өндіруші көрсеткен
мөлшерден асырмай қолданыңыз жəне
оны жуғыш зат үлестіргіштің «MA
дең
гейінен асырмай салыңыз.
Жуғыш заттың пайдаланылатын
мөлшері
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері матаның түріне, салынған
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
14
www.zanussi.com