User manual
мөлшеріне, қаншалықты кірлегеніне жəне
пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Жуғыш затты өндіруші көрсеткен
мөлшерден асырмай қолданыңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты азырақ
жұмсаңыз:
• шамалы ғана кір жусаңыз
• шамалы ластанған кірді жусаңыз
• жуған кезде көп көбік пайда болса.
Су кермектігінің деңгейі
Судың кермектігі кермектік "деңгейі" деп
аталатын өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі туралы
ақпаратты сумен жабдықтайтын
компаниядан не жергілікті мекемеден
алуға болады. Судың кермектігі орташа не
жоғары болса, əрқашан өндірушінің
нұсқауларын орындай отырып, су
жұмсартқыштан қосыңыз. Су тұщы болса,
жуғыш заттың қосылатын мөлшерін
өзгертіңіз.
Бірінші қолдану
• Машинаның электр желісі мен су
жүйесіне "орнату туралы
нұсқауларға" сай қосылғандығын
тексеріңіз.
• Барабан ішінен полистирол блогы
жəне басқа да материалдардың
барлығын алыңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішінің негізгі жуу
циклына арналған бөліміне
,
ECO клапанын іске қосу үшін 2 литр
су құйыңыз. Содан кейін мақта мата
циклын ең үлкен температураға
қойып, барабан мен машина ішіндегі
өндіріс қалдықтарын тазалау үшін,
оған кір салмай іске қосыңыз. Негізгі
жуу циклына арналған үлестіргіш
қорапшаға жуғыш заттың 1/2
мөлшерін салыңыз да, машинаны
іске қосыңыз.
Жеке талаптарға лайықтау
Дыбысты сигнал
Машина төмендегі жағдайларда дыбысты
сигнал беретін құралмен жабдықталған:
• циклдің соңында
• ақаулық орын алғанда.
4 жəне 5 түймешіктерін шамамен 6 секунд
қатар басқанда, дыбыстық сигнал
ажырайды (ақаулық болмаса). Осы 2
түймешікті қайта басу арқылы дыбыстық
сигналды қайтадан іске қосуға болады.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл құрал балалар жарақаттанады не
құрылғыға нұқсан келтіреді деп
алаңдамай, құрылғыны қараусыз қалдыра
беруге мүмкіндік береді. Бұл функция
сонымен қатар кір жуғыш машина жұмыс
істемей тұрған кезде де қосулы тұрады.
Бұл параметрді орнатудың екі түрлі тəсілі
бар:
1. 7 түймешігін басар алдында:
машинаны іске қосу мүмкін болмайды.
2. 7 түймешігін басқаннан кейін: басқа
ешқандай бағдарламаны не
параметрді өзгерту мүмкін емес.
Осы функцияны іске қосу немесе ажырату
үшін 2 жə
не 3 түймешігін бейнебетте
белгісі пайда болғанша немесе көрінбей
кеткенше 6 секунд қатар басып тұрыңыз.
15
www.zanussi.com