User manual
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен
жуыңыз да, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Үлестіргіштің суырмасын тазалау
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің
суырмасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет.
Қорапшаны тетікті
төмен басып,
өзіңізге қарай тарту
арқылы алыңыз.
Ағып тұрған суға
шайып, жиналып
қалған ұнтақ
жуғышты
тазалаңыз.
Тазалық жасау
оңай болу үшін
қоспа салынатын
бөліктің үстіңгі
жағын алып қою
қажет.
Суырма ұясын тазалау
Суырманы алған
соң, кішкене
шөткені
пайдаланып ұясын
тазалаңыз да, оның
үстіңгі жəне
астыңғы жағынан
ұнтақ
қалдықтарының
іздері əбден
тазаланғанын
тексеріңіз.
Суырманы орнына қойыңыз да, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір киім
салмастан орындаңыз.
Сорғыны тазалау
Су сорғыны мезгіл-мезгіл тексеріңіз,
əсіресе:
• машинаның суы төгілмесе жəне/немесе
ол айналмаса;
• суды төккен кезде түйреуіш, тиын жəне
т.б. заттар сорғыны бітеп тастаса,
машинадан əдеттен тыс шуыл шығады;
• су төгуге қатысты ақаулық орын алса
(қосымша ақпаратты “Не істерсіңіз,
егер...” тарауынан қараңыз).
Назарыңызда болсын! Сорғының
есігін ашардың алдында құрылғыны
сөндіріп, ашасын розеткадан суырыңыз.
Төмендегіні іске асырыңыз:
• Құрылғыны тоқта
н ажыратыңыз.
• Қажет болса, су суығанша күтіңіз.
Төгілген суды
құйып алу үшін
сауытты сорғыға
(А) жақын қойыңыз.
Төтенше жағдайда
су төгуге арналған
түтікті (В) ағытып
алыңыз, оны
сауытқа салып,
қақпағын ашыңыз.
Су ағып болған кезде, сорғының
қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап ағытып, сүзгіні алыңыз. Қажет
болса, тістеуікті қолданыңыз. Қақпақты
алған кезде ағып кетуі мүмкін суды сүртіп
алу үшін үнемі шүберек дайын тұрсын.
Сүзгіні ағып тұрған сумен жуып, тұрып
қалған қыл-қыбыр болса, алып тастаңыз.
19
www.zanussi.com