User manual
Мұздап қалудың алдын алатын сақтық
шаралары
Машина 0°C градустан төмен
температурада қалатындай жағдай туса,
нақты сақтық шаралары қарастырылуға
тиіс.
• Су құятын шүмекті жабыңыз.
• Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
• Тосын жағдайда суды сарқуға арналған
түтікшенің ұшы мен су құятын түтікшенің
ұшын еденге қойылған шыныаяққа
салып суын əбден сарқып ағызыңыз.
• Су құятын түтікшені қайта орнына бұ
рап
салыңыз да, тосын жағдайда кір суды
сарқуға арналған түтікшені де қақпағын
жапқан соң орнына қойыңыз.
• Машинаны қайта іске қосқыңыз келген
кезде, бөлме температурасының 0°C
жоғары екендігіне көз жеткізіңіз.
Тосын жағдайда суды сарқу
Егер су сарқылмаса, машинадағы суды
ағызу үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
• ашаны розеткадан суырып алыңыз;
• судың шүмегін жабыңыз;
• қажет болса су суығанша күтіңіз;
• сорғыш есігін ашыңыз;
• шыныаяқты еденге қойыңыз да, суды
тосын жағдайда сарқуға арналған
түтікшенің ұшын соған салыңыз. Оның
қақпағын алыңыз. Су шыныаяққа
гравитациялық екпінмен ағып құйылады.
Шыныаяқ толған кезде, түтікшенің
қақпағын жабыңыз. Шыныаяқтағы суды
төгіңіз. Бұл əрекетті су ақпай қалғанша
қайталаңыз;
• қажет болса сорғышты осыған дейін
айтылып өткендегідей тазалаңыз;
• суды тосын жағдайда сарқуға арналған
түтікшені орнына қойып
ор
наластырыңыз;
• сорғыштың қақпағын қайта бұраңыз да,
есікті жабыңыз.
Өте маңызды! Суды тосын жағдайда
сарқитын түтікше арқылы ағызған кезде,
əрқашан 2 литр суды жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу қорапшасына
құйып, содан соң су төгу бағдарламасын
орындау қажет. Бұл ЭКО тығырығын
белсенді күйге көшіреді де, жуғыш заттың
жартысының келесі жуу цикліне дейін
пайдаланылмай қалып қоюына жол
бермейді.
Не істерсіңіз, егер...
Кейбір мəселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап шығыңыз.
Машина жұмыс жасап тұрған кезде келесі
түймешіктің қызыл 7 сигнал шамы
жыпылықтап, бейнебетте төмендегі
ескерту кодтарының бірі пайда болып, дəл
осы уақытта дыбысты сигналдар əрбір 20
секунд сайын беріліп машинаның жұмыс
жасамай тұрғандығын білдіреді:
•
: сумен жабдықтауға қатысты
ақаулық.
•
: су төгуге қатысты ақаулық.
•
: есік ашық.
Ақаулықты түзеткен соң 7 түймешігін
басып бағдарламаны қайта бастаңыз. Осы
тексерулерден соң ақаулық қайта орын
алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
21
www.zanussi.com