User manual

Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Машина іске қосылмай тұр:
Есік жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған жəне 7
түймешігі басылмаған.
Таңдау тетігін бұраңыз да, 7 түймешігін қайтадан басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
Кірді дереу жуу қажет бо
лса, кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Бала қауіпсіздігі құралы іске қосулы.
Бала қауіпсіздігі құралын ажыратыңыз.
Машинаға су құйылмай тұр:
Су құятын шүмек жабық.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған.
Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі бітеліп
қалған.
Су құятын түтіктің сүзгілерін тазалаңыз. (Толық ақпаратты "Су
құятын түтік сүзгілерін тазалау" тарауынан қараңыз).
Есік дұрыс жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаның суы төгілмейді
жəне/немесе ол
айналмайды:
Су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған.
Суды төгетін түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктегі сүзгі бітеліп қалған.
Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.
Аяқталғанда су əлі де машина ішінде қалатын немесе айналдыру
циклдары орындалмайтын функция не бағдарлама таңдалған.
Суды төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
22
www.zanussi.com