User manual
Раковинаның ақаба су құбырының
тармағына жалғау арқылы. Бұл тармақ
жерден кем дегенде 60 см жоғары
тұратындай етіп, сифонның үстіңгі
жағында орналасуы керек.
Ақаба су құбырына 60 см-ден кем емес,
90 см-ден артық емес биіктікте тікелей
жалғауға болады. Су төгетін түтіктің ұшы
əрқашан желдетіліп тұруға тиіс, яғни
ақаба су құбырының ішкі диаметрі, су
төгетін түтіктің сыртқы диаметрінен үлкен
болуғ
а тиіс. Су төгетін түтік жаншылып
қалмауға тиіс.
Электртоғына қосу
Электр қосылымына қатысты мəлімет,
құрылғы есігінің ішкі қырында орналасқан
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Үйдегі электр желісінің басқа да электр
құрылғыларын қоса алғанда максимум
қажетті жүктемені көтере алатындығын
тексеріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машинаны жерге қосылған
розеткаға жалғаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жоғарыда көрсетілген сақтық
шарасы орындалмағандықтан машина
бүлінсе немесе адам жарақат алса,
өндіруші еш жауапкершілік көтермейді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны орнатып болған соң
қорек сымы қол оңай жететін жерде
тұруға тиіс.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
Кіріктіріп орнату
Бұл ас үй қаптамасына кіріктіріп орнатуға
арналған құрылғы. Ұяның өлшемдері A
суретінде көрсетілген өлшемдерге сай
келуге тиіс.
27
www.zanussi.com