User manual

Жуғыш зат үлестіргіш
Алдын ала жуу жəне кірді жібіту
циклдары кезінде жуғыш зат салынатын
немесе дақты кетіру (егер болса) циклы
кезінде дақ кетіргіш салынатын бөлімше.
Адын ала жууға жəне кірді жібітуге
арналған жуғыш зат жуу бағдарламасы
басталған кезде қосылады. Дақ кетіргіш зат
дақты кетіру барысында қосылады.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға арналған
бөлімше. Егер сұйық жуғыш зат
қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталардың алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Жуғыш затты өндіруші көрсеткен мөлшерден асырмай қолданыңыз жəне оны жуғыш
зат үлестіргіштің «MAX» деңгейінен асырмай салыңыз. Кез келген мата жұмсартқыш не
крахмалдайтын үстемелерді бөлімшеге жуу бағдарламасын бастамай тұрып құю керек.
Басқару панелі
Келесі бетте басқару панелінің суреті көрсетілген. Суретте бағдарлама таңдау тетігі,
сондай-ақ түймешіктер, сигнал шамдары жəне бейнебет көрсетілген. Бұлар келесі
беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
1 32 4 5 6 7
910
8
1
Бағдарламаны таңдайтын түймеше
2
АЙНАЛДЫРУ жылдамдығын
азайтатын түймешік
3
ПАРАМЕТРЛЕР түймешігі
4
АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
5
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ түймешігі
6
ЭКСТРА ШАЮ түймешігі
7
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
8
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
6
www.zanussi.com