User manual
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш зат (тым көп көбік
пайда болады) қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының бірінен су ақпай
тұрғанын тексеріңіз. Су түтік арқылы төмен қарай ағатындықтан,
мұны көру оңай бола бермейді; оның дымқыл болмауын
тексеріңіз.
• Су құятын түтік қосылымын тексеріңіз
.
Су төгетін немесе құятын түтік бүлінген.
• Оның орнына жаңасын салыңыз.
Төтенше жағдайда су төгуге арналған түтіктің қақпағы орнына
қойылмаған немесе тазалағаннан кейін сүзгі өз орнына дұрыс
бұрап салынбаған.
• Төтенше жағдайға арналған түтіктің қақпағын жабыңыз немесе
сүзгіні түбіне дейін бұраңыз.
Жуу нəтижесі
қанағаттандырмайды:
Жуғыш зат өте аз немесе мүлде жарамсыз жуғыш зат
қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Қатып қалған дақтар кірді жумай тұрып алдын ала кетірілмеген.
• Қатып қалған дақтарды кетіру үшін дүкенде сатылатын
заттарды пайдаланыңыз.
Температура дұрыс таңдалмаған.
• Температураны дұрыс таңдаған-таңдамағаныңызды тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан артық.
• Кірдің
салмағын азайтыңыз.
Есік ашылмайды:
Бағдарлама əлі жұмыс істеп тұр.
• Жуу циклы аяқталғанша күтіңіз.
Есіктің бұғаты ағытылған жоқ.
• 9 сигнал шамы өшкенше күтіңіз.
Барабанның ішінде су бар.
• Суды төгу үшін төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Машина дірілдегенде шуыл
шығарады:
Тасымалдау бұрандалары мен орам материалдары алынбаған.
• Құрылғының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Тіреуіш аяқтары реттелмеген
• Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
Барабанға тым аз кір салынуы мүмкін.
• Кірді көбірек салыңыз.
23
www.zanussi.com