KK Қолдану туралы нұсқаулары Кір жуғыш машина ZWQ 6101
Мазмұны Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Жуу циклін қалай орындауға болады? _ Жеке талаптарға сай лайықтау _ _ _ _ _ Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Жуу бағдарламалары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2 3 4 4 5 7 9 Жұмыстағы қиындықтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9 Жуғыш заттар мен үстемелер _ _ _ _ _ 12 Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12 Пайдалану көлемі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары орындалуға тиіс Егер құрылғы температурасы 0°C градустан төмен жерде қалатын жағдай туса, төмендегі сақтық шаралары орындалуға тиіс: • Шүмекті жабыңыз да, су құятын түтікшені ағытып алыңыз. • Осы түтікше мен су төгетін түтікшенің ұшын, едендегі легенге салыңыз. • Су төгу бағдарламасын таңдаңыз да, оны цикл аяқталғанша орындаңыз. • Құрылғыны электр желісінен бағдарламаны таңдайтын түймешені "Тоқтату" қалпына қойып ағытыңыз. • Құрылғыны ажыратыңыз.
Басқару панелі 1 1 Бағдарлама таңдау тетігі 2 Түймешіктер жəне олардың функциялары 3 Бейнебет 2 3 4 5 6 4 "Есік құлыптаулы" индикаторы 5 "Бастау/Үзіліс" түймешігі 6 "Кешіктіріп бастау" түймешігі Үлестіргіш қорапша Алдын ала жуу Жуу Жұмсартқыш (MAX белгісінен асыра толтырмаңыз) M Жуу циклін қалай орындауға болады? Алғаш рет пайдалану • Құрылғының электр желісі мен су жүйесіне орнату бойынша нұсқауларға сай қосылғандығын тексеріңіз.
Цикл орындала береді жəне жаңа циклді орындау үшін функцияны ажыратуыңыз қажет. • егер функция циклді бастамай тұрып белсенді күйге көшірілсе, құрылғы іске қосылмайды. Бала қауіпсіздігінің құралын іске қосу үшін құрылғыны қосыңыз да " Айналдыру " жəне " Функция " түймешіктерін бейнебетте құптау белгішесі пайда болғанша қатар басыңыз. Құрылғы осы параметрді жадында сақтайды. Балалар қауіпсіздігі құралын ажырату үшін осыны қайталаңыз.
Параметрлерді таңдау Əртүрлі параметрлерді бағдарламаны таңдап болғаннан кейін, " Бастау/Үзіліс " түймешігін баспай тұрып таңдауыңыз қажет ("Бағдарламалар кестесі" тарауын қараңыз). Қажетті түймешікті(тер) басыңыз ; тиісті шамдар жанады. Қайта бассаңыз, шамдар өшеді. Егер параметрлердің бірі таңдалған бағдарламаға сай келмесе, бейнебетте "Err" жыпылықтайды да, " Бастау/Үзіліс " түймешігі қызыл жарық шығарып жыпылықтайды. "Алдын ала жуу" параметрі Құрылғы алдын ала жуу циклін ең көбі 30°C градуста қосады.
Ағымдық бағдарламаға қандай да бір өзгеріс енгізбей тұрып, кір жуғыш машинаны "Бастау/Үзіліс" түймешігін басып үзіліске қойыңыз. Егер өзгерту мүмкін болса, дисплейде "Err" жазуы жыпылықтап, "Бастау/Үзіліс" түймешігі бірнеше секунд қызыл түспен жыпылықтайды. Егер бағдарламаға тағы да өзгерту енгізгіңіз келсе, ағымдық бағдарламаны біржола тоқтату керек (келесі тарауды қараңыз). Бағдарламаны біржола тоқтату Егер бағдарламаны біржола тоқтатқыңыз келсе, бағдарлама таңдау тетігін “Тоқтату” қалпына қойыңыз.
Бағдарлама / Кірдің түрі Салмақ Қолданыстағы параметрлер Қолмен жуу (Суық - 40°) : Затбелгісінде "Қолмен жуу керек" деп көрсетілген өте нəзік заттарға арналған. Ең үлкен айналдыру жылдамдығы: 1000 мин/айн 1,0 кг Айналдырмау, Шаюды кідірту, Кешіктіріп бастау Джинс (60°) : Джинс киімдерді жууға арналған. Қосымша шаю параметрі іске қосылады.
Күту менен тазалау Құрылғыны тазаламас бұрын электр желісінен ағытыңыз. Құрылғы қағын тазалау Құрылғы қағын тазалау үшін кір жуғыш машина үшін арнайы шығарылған, тот бастырмайтын тазалағышты қолданыңыз. Қолданылатын мөлшері мен қақты қаншалықты жиі тазалау қажеттігі туралы ақпаратты өнімнің нұсқаулығынан қараңыз. 1 2 4 Құрылғының сырты 3 Құрылғының сыртын тазалау үшін жылы, сабынды суды пайдаланыңыз. Спирт, еріткіштер немесе осы тəрізді заттарды ешқашан қолданбаңыз.
қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі тарауларды қараңыз. Ақаулық Себептері Құрылғы іске қосылмай тұр немесе оған су құйылмайды: • құрылғы розеткаға дұрыс қосылған жоқ, электр қосылымы жұмыс істемей тұр, электр қуаты жоқ, • құрылғының қақпағы жəне барабанның ысырмалары мықтап жабылмаған, • бағдарламаны бастау пəрмені дұрыс таңдалмаған, • сумен жабдықтау құбыры бекітілген, су келетін шүмек жабық, • су құятын сүзгілер ластанған (“Тазалау менен күтім көрсету” тарауын қараңыз).
Ақаулық Себептері Жуу циклы тым ұзаққа созылады: • су құятын сүзгілер ластанған (“Тазалау менен күтім көрсету” тарауын қараңыз), • электр қуаты үзілген немесе су құятын жүйе тоқтап қалған, • мотордың шамадан тыс қызғанын анықтайтын құрал қосылған, • құйылатын судың температурасы əдеттегіден төмен, • көбікті анықтайтын құрал іске қосылған(жуғыш зат тым көп салынған) жəне кір жуғыш машина көбікті төге бастады, • теңгерімсіздік детекторы іске қосылған: кірді барабан ішіне барынша біркелкі таратып салу үшін
Ақаулық Себептері Құрылғы іске қосылмаса да, су төгетін сорғы үнемі жұмыс істеп тұрады: • тасқынға қарсы қауіпсіздік құралы іске қосылды, төмендегі əрекеттерді жасаңыз: - су келетін шүмекті жабыңыз, - ашаны суырардан 2 минут бұрын құрылғының суын төгіңіз, - кепілді қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Мата жұмсартқыш • MAX деңгейінен асыра толтырғансыз.
Пайдалану көлемі Бағдарлама1) Қуат тұтыну (кВт/сағ)2) Су тұтыну (литр)2) Ақ мақта мата 90 °C 2.2 67 Мақта мата 60 °C 1.3 62 Мақта мата 40 °C 0.75 62 Синтетика 40 °C 0.65 48 Нəзік мата 30 °C 0.3 53 Жүн мата 30 °C 0.4 48 Қолмен жуу 30 °C 0.4 48 1) Бағдарлама уақытын бейнебеттен қараңыз. 2) Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мəндері тек жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген. Ол кірдің мөлшері мен түріне, құйылатын судың температурасы мен бөлменің температурасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Босату A B A C D 2 B 1 B 2 1 Қажет болса су құятын түтікті суретте көрсетілгендей жылжытыңыз. Бұлай істеу үшін су құятын түтіктің шығыршық болтын босатып, су құятын түтікті суретте көрсетілгендей төмен орнатыңыз. Шығыршық болтты қатайтып, еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз. Су құятын шүмекті ашыңыз. Ешбір жерінен су жылыстап ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз. Су құятын түтік ұзартылмайды. Егер ол тым қысқа болса, тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
кетпеуін қадағалаңыз. Құрылғының деңгейін дұрыс орнатсаңыз, діріл, шуыл шығудың немесе іске қосылып тұрған кезде орнынан жылжып кетудің алдын алады. Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Бұйымдағы немесе бұйым белгісі осы бұйым қорапшасындағы кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек.
192985520-A-382011 www.zanussi.