User manual
қызмет көрсету орталығына хабарласпас
бұрын төмендегі тарауларды қараңыз.
Ақаулық Себептері
Құрылғы іске
қосылмай тұр немесе
оған су құйылмайды:
• құрылғы розеткаға дұрыс қосылған жоқ, электр қосылымы
жұмыс істемей тұр, электр қуаты жоқ,
• құрылғының қақпағы жəне барабанның ысырмалары мықтап
жабылмаған,
• бағдарламаны бастау пəрмені дұрыс таңдалмаған,
• сумен жабдықтау құбыры бекітілген, су келетін шүмек жабық,
• су құятын сүзгілер ластанған (“Тазалау менен күтім көрсету”
тарауын қараңыз).
Құрылғыға су
құйылады, бірақ
дереу ағып кетеді:
• су төгетін түтіктің U-тетігі тым төмен орналасқан ("Орнату"
тарауын қараңыз).
Құрылғы шаю циклын
бастамайды немесе
оның суы төгілмейді:
• су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған,
• қоқыс сүзгісі ластанған (“Күту менен тазалау” ),
• теңгерімсіздік детекторы іске қосылған: жуылатын кір
барабанға біркелкі салынбаған,
•"Төгу" бағдарламасы немесе "Түнгі цикл" немесе "Шаюды
кідірту" параметрі таңдалған,
• су төгуге арналған U-тетігінің биіктігі дұрыс емес.
Құрылғы айналдыру
циклын
орындамайды:
• кір теңгеріміне байланысты мəселе орын алды: көбірек кір
қосып немесе барабандағы кірлерді таратып салыңыз.
Құрылғының
айнласына су
аққанын көрсеңіз:
• жуғыш зат тым көп салынғандықтан, көбік сыртқа төгілген,
• жуғыш зат машинада кір жуу үшін жарамайды,
• су төгуге арналған U-тетігі дұрыс орнатылмаған,
• су келетін түтіктен су жылыстап жатыр.
Жуу нəтижелері
қанағаттанарлық
емес:
• жуғыш зат машинада кір жуу үшін жарамайды,
• барабанға тым көп кір салынған,
• жарамайтын жуу циклі таңдалған,
• жуғыш зат жеткіліксіз салынған.
Құрылғы дірілдейді,
шуыл шығарады:
• құрылғыдан орам материалдарының барлығы алынбаған
("Орнату" тарауын қараңыз),
• құрылғының деңгейі дұрыс емес əрі орнықсыз ("Орнату"
тарауын қараңыз),
• құрылғы қабырға немесе жиһазға тым жақын орнатылған,
• кір барабан ішіне біркелкі таратылып салынбаған, кір өте аз
салынған.
• құрылғы біраз уақыт ғана жұмыс жасауда, шуыл уақыт өте
келе жойылады.
10