User manual
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Жуу циклін қалай орындауға болады? _ 4
Жеке талаптарға сай лайықтау _ _ _ _ _ 4
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Жуу бағдарламалары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Жұмыстағы қиындықтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Жуғыш заттар мен үстемелер _ _ _ _ _ 12
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Пайдалану көлемі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас бұрын
мына ақпараттарды мұқият оқып шығыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын
құрылғымен бірге сақтаңыз.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғыны өзгертпеңіз немесе оған
өзгеріс енгізуге əрекеттенбеңіз. Бұндай
əрекет өз басыңызға қауіп төндіруі
мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып
тиын, түйреуіш, брошка, бұранда
шегелердің барлығының алынғанын
тексеріңіз. Оларды жуатын кірмен бірге
салып жіберсеңіз, құрылғы елеулі
ақаулыққа ұшырауы мүмкін.
• Жуғыш затты ұсынылған мөлшерде
қолданыңыз.
• Кішкене заттарды (нəски, белбеу т.с.с.)
зығыр дорба немесе
жастықтың қабына
бірге салыңыз.
• Құрылғыны қолданып болғаннан кейін,
су құятын түтікшені ағытып, жауып
қойыңыз.
• Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында,
əрқашан электр желісінен ағытыңыз.
• Материалы жыртық, салбырап тұрған
немесе тігіліп болмаған киімдерді
машинада жумаңыз.
Орнату
• Құрылғыны жеткізе салысымен
орамынан шығарыңыз немесе орамынан
шығарып беруді сұраңыз. Құрылғының
сыртының еш жерінің бүлінбегенін
тексеріңіз. Тасымалдау барысында орын
алған ақаулардың барлығын сатушыға
хабарлаңыз.
• Тасымалдау үшін қолданылған болттар
мен орам материалдарының барлығын
құрылғыны орнатпай тұрып алыңыз.
• Құрылғыны су жүйесіне тек білікті
сантехник маман ғана қосуға тиіс.
• Үйдегі электр желісін құрылғыны қосуға
лайық етіп бейімдеу қажет болса, тек
білікті электршіні шақыртыңыз.
• Құрылғыны орнатып болған соң
, қорек
сымының оның астында қалып
қоймағанын тексеріңіз.
• Құрылғыны кілем төселген еденге
орнатсаңыз, кілемнің құрылғы
астындағы желдеткіш саңылауларды
бітеп тастамағанын тексеріңіз.
• Құрылғыға ережелерге сай келетін,
жерге қосылған аша орнатылуға тиіс.
• Құрылғыны электр желісіне қоспай
тұрып, "Электр қосылымы" тарауында
берілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз.
• Қорек сымын тек ғана уəкілетті қызмет
көрсету маманы ауыстыруға тиіс.
•
Құрылғы дұрыс орнатылмағандықтан
орын алған ақаулықтар үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
2