User manual

Цикл орындала береді жəне жаңа циклді
орындау үшін функцияны ажыратуыңыз
қажет.
егер функция циклді бастамай тұрып
белсенді күйге көшірілсе, құрылғы іске
қосылмайды.
Бала қауіпсіздігінің құралын іске қосу үшін
құрылғыны қосыңыз да " Айналдыру " жəне
" Функция " түймешіктерін бейнебетте
құптау белгішесі пайда болғанша қатар
басыңыз. Құрылғы осы параметрді
жадында сақтайды. Балалар қауіпсіздігі
құралын ажырату үшін осыны қайталаңыз.
Дыбыстық сигналдар
Құрылғы төмендегі жағдайларда дыбыстық
сигнал беретін құралмен жабдықталған:
циклдың соңында
құрылғы жұмысына қатысты ақаулық
орын алғанда.
Ажырату үшін құрылғыны іске қосыңыз да,
дыбыстық сигнал естілгенше " Эко " жəне "
Жеңіл үтіктеу " түймешіктерін қатар
басыңыз. Сигнал тек ескерту сигналы
берілгенде ғана қосылады. Оны қайтадан
іске қосу үшін осы əрекетті қайталаңыз.
Əркүндік қолдану
Кірді салу
Құрылғы есігін
ашыңыз.
Барабанды A
бекітпе
түймешігін
басып ашыңыз:
Екі есікше
автоматты түрде
ашылады.
Кірді салыңыз да, барабан мен кір
жуатын машинаның есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
есігін жаппай тұрып, барабанның
дұрыс жабылғанын тексеріңіз:
Екі есікше жабылған кезде,
•A бекітпе түймешігі босайды.
Жуғыш заттарды мөлшерлеу
Егер "алдын ала жуу" параметрін
таңдасаңыз жуғыш затты жуу
жəне
алдын ала жуу
қорапшасына салыңыз.
Қажет болса, мата жұмсартқышты
қорапшасына салыңыз.
Қажетті бағдарламаны таңдау
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға бұраңыз. " Бастау/
Үзіліс " түймешігі жасыл жарық шығарып
жыпылықтайды:
Цикл орындалып тұрған кезде,
бағдарламаны таңдайтын түймешені басқа
A
бағдарламаға қойсаңыз, құрылғы жаңадан
таңдалған бағдарламаны қабылдамайды.
"Err" жыпылықтайды да, " Бастау/Үзіліс "
түймешігі бірнеше секунд қызыл жарық
шығарып жыпылықтайды.
Айналдыру жылдамдығын таңдау
Егер жуылған кірді құрылғыда таңдалған
айналдыру жылдамдығынан басқа
жылдамдықпен айналдырғыңыз келсе,
айналдыру жылдамдығын өзгерту үшін "
Айналдыру " түймешігін басыңыз.
Сонымен қатар "Шаюды кідірту"
немесе
"Айналдырмау"
функциясын
таңдауыңызға болады.
Ең үлкен айналдыру жылдамдығын "Жуу
бағдарламалары" тарауынан қараңыз.
Шаюды кідірту
Осы функция таңдалса, киімдер мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклынан қалған
су түгел төгілмейді.
Айналдырмау
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы орындалмай,
орнына киімдер бырысып қалмас үшін
суды төгу циклі орындалады. Бұл функция
аса нəзік маталар үшін ұсынылады.
Егер "Шаюды кідірту"
функциясын
таңдасаңыз, бағдарламаның соңында
циклді аяқтап, суды төгу үшін " Айналдыру
" немесе " Сутөгу " бағдарламасын таңдау
керек.
5