User manual
Параметрлерді таңдау
Əртүрлі параметрлерді бағдарламаны
таңдап болғаннан кейін, " Бастау/Үзіліс "
түймешігін баспай тұрып таңдауыңыз
қажет ("Бағдарламалар кестесі" тарауын
қараңыз). Қажетті түймешікті(тер)
басыңыз ; тиісті шамдар жанады. Қайта
бассаңыз, шамдар өшеді. Егер
параметрлердің бірі таңдалған
бағдарламаға сай келмесе, бейнебетте
"Err" жыпылықтайды да, " Бастау/Үзіліс "
түймешігі қызыл жарық шығарып
жыпылықтайды.
"Алдын ала жуу" параметрі
Құрылғы алдын ала жуу циклін ең көбі
30°C градуста қосады.
“ Жылдам ” параметрі
Жуу уақыты таңдалған бағдарламаға
қарай қысқарады.
“ Эко " параметрі
Бұл параметр, тиімділігі жоғары
температурамен жуатын бағдарламаның
тиімділігіндей, төмен температурамен жуу
бағдарламасын таңдауға мүмкіндік береді.
“ Жеңіл үтіктеу " параметрі
Бұл параметрді таңдасаңыз, кір бырысып
қалмас үшін баппен жуылып, баппен
айналдырылады. Бұл кірді оңай үтіктелетін
етеді.
“ Қосымша шаю ” параметрі
Кір жуғыш машина цикл орындалып тұрған
кезде бір немесе бірнеше шаю циклдерін
қосады. Бұл функция терісі сезімтал
адамдарға жəне суы тұщы жерлерде
қолдануға арналған.
“ Кешіктіріп бастау " параметрі
Бұл параметр жуу бағдарламасын 30
минутқа, 60 минутқа, 90 минутқа, 2
сағаттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп
бастауға мүмкіндік береді. Таңдалған
уақыт дисплейде бірнеше секунд
көрсетіліп тұрады.
Кешіктіріп бастау функциясын "Бастау/
Үзіліс" түймешігін баспай тұрып, "
Кешіктіріп бастау " түймешігін қайта басып
кез келген уақытта өзгертуге немесе
біржола тоқтатуға болады (
’ дереу
бастауды көрсетеді)
"Бастау/Үзіліс" түймешігін əлдеқашан
басып қойсаңыз жəне кешіктіріп бастау
параметрін өзгерткіңіз немесе біржола
тоқтатқыңыз келсе, төмендегі əрекетті
орындаңыз:
• Кешіктіріп бастауды біржола тоқтатып,
циклды дереу бастау үшін "Бастау/
Үзіліс" түймешігін басып, содан кейін "
Кешіктіріп бастау " түймешігін басыңыз.
Циклді бастау үшін "Бастау/Үзіліс"
түймешігін басыңыз.
• Таймердің кешіктіру уақытын өзгерту
үшін
"Тоқтату" қалпына қойып, циклды
қайта бағдарламалаңыз.
Есік кешіктіріп бастау уақыты аяқталғанша
құлыптаулы тұрады. Есікті ашу қажет
болса, алдымен "Бастау/Үзіліс" түймешігін
басып құрылғыны үзіліске қоюыңыз қажет.
Есікті қайта жапқаннан кейін "Бастау/Үзіліс"
түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның басталуы
Циклді бастау үшін "Бастау/Үзіліс"
түймешігін басыңыз; тиісті индикатор
жасыл жарық шығарып жанады.
индикаторы жанады (есік құлыптаулы).
Цикл орындалып тұрған кезде бағдарлама
таңдау тетігінің тұрақты қалыпта тұруы
қалыпты жағдай. Бейнебетте қалған уақыт
көрсетіледі. Егер кешіктіріп бастау
таңдалған болса, кері есептеу дисплейде
пайда болады.
Бағдарламаны кідірту
Алдыңғы 10 минут ішінде кір қосу
сөніп (есік құлыптаулы) тұрғанда, кірді
төмендегідей қосып салуға болады.
"Бастау/Үзіліс" түймешігін басыңыз:
құрылғы уақытша тоқтап тұрған кезде
тиісті шам жасыл түспен жанады. Есікті кір
жуатын машина тқтағаннан кейін шамамен
2 минут уақыт өткен соң ғана ашуға
болады. Бағдарламаны жалғастыру үшін
"Бастау/Үзіліс" түймешігін қайта басыңыз.
Орындалып тұрған бағдарламаны
өзгерту
6