User manual

ФУНКЦИЯЛАР
ТЕМПЕРАТУРА
Осы функцияның көмегімен әдепкі
температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы
жанады.
ОТЖИМ
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
ОСТАНОВКА ПОЛОСКАНИЯ
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
СУПЕР БЫСТРЫЙ
Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін осы
түймешікті басыңыз.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
орнатыңыз.
ДОП. ПОЛОСКАНИЕ
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30
минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.
ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ ИНДИКАТОРЫ
индикаторы есікті қашан ашуға
болатынын көрсетеді:
Индикатор жанады: есікті ашуға болмайды.
Индикатор жыпылықтайды: есік бірнеше
минуттан кейін ашылады.
Индикаторы сөнеді: есікті ашуға болады.
ПАРАМЕТРЛЕР
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
Температура және Отжим түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
Старт/Пауза түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
Старт/Пауза түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
Остановка полоскания және Супер Быстрый
түймешіктерін 6 секунд қатар басыңыз.
Дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла береді.
11