User manual
• - Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
Құрылғыны Старт/Пауза түймешігін қайта
басып бастаңыз. 10 секундтан кейін есік
ашылады.
• - Құрылғының суы төгілмей тұр.
•
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
• - Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
"Жабдықтау желісінде мәселе бар"
тарауын қараңыз.
• - Құрылғының электронды
элементтерінің арасында байланыс жоқ.
Сөндіріңіз де, қайта қосыңыз. Бағдарлама
дұрыс аяқталмаған не құрылғы уақытынан
бұрын тоқтаған. Ескерту коды қайта пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ! Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
• Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз (егер
бар болса).
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. “Күту менен тазалау” тарауын
қараңыз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік
өте төмен болуы мүмкін.
• Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу бағдарламасын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
19