User manual
– қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас қонақжайлары
мен басқа резиденциялық жерлерде;
– коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын жерлерде.
• Ең көбі 7кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі"
тарауын қараңыз).
• Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
аралығында болуы керек.
• Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
• Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа
түтік жинағын қолданып қосу керек.
• Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
• Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
• Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Жергілікті стандарттарға сәйкес
етіп орнату керек.
• Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик тығыздағышы
бар резеңке төлкесін алыңыз.
• Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
ішкі бөліктеріне зақым келмеу үшін
барабанды бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
3